Қазақстанда балалар көбіне қандай қылмыс жасайтыны анықталды

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығындағы қорытынды бойынша, кәмелетке толмаған 1,1 мың бала қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Былтырмен салыстырғанда 2,1 пайызға көп. Оның ішінде 78-і қыздар, - деп хабарлайды Ranking.kz.

539 қылмыскер - білім алып жүргендер болса, 510-ы - жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар. 336 жасөспірім топтасып қылмыс жасаған, оның 158-і ересектермен бірлесіп жасаған. 71 жасөспірім бұған дейін де тәртіп бұзған. 

Салыстырмалы түрде: былтыр осы кезең аралығында жасөспірімдер арасында қылмыс жасау 23,3 пайызға азайған. 

Өңірлер бойынша: Алматы облысында қылмыс жасаған жасөспірімдер көп болып шықты: 118 адам, бұл былтырмен салыстырғанда 32,6 пайызға көп. Жамбыл облысында 97 адам және Түркістан облысында 92 адам. 

Қылмыстың 43,7 пайызы ұрлық жасағандар - былтырмен салыстырғанда 7,1 пайызға көп. 

Кәмелетке толмағандар арасында тонау жасағандар да көп (120 адам), сондай-ақ бұзақылық (79 адам), алаяқтық (58 адам), ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену (47 адам) бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!