Қазақстанда жалпыға бірдей зейнет жасын күтпей-ақ, өмір бойы төленетін зейнетақы төлемін алуға болады. Кейбір азаматтарға мұндай мүмкіндік 50 жастан бастап қолжетімді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері бұл жүйені кімдер пайдалана алатынын, ол үшін қандай шарттар орындалуы керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл тұста зейнетақы аннуитеті туралы сөз болып отыр. Зейнетақы аннуитеті бойынша азамат өзінің зейнетақы жинағын өмірді сақтандыру компаниясына аударады. Ал компания оған өмір бойы тұрақты төлем жасап отыруға міндеттеме алады. Демек, төлем адамға өмір бойы беріледі.
2026 жылы мұндай төлемдерді мына адамдар ала бастайды:
Соңғы шарт зиян еңбек жағдайына байланысты жұмыс берушілері арнайы зейнетақы жарнасын аударған қызметкерлерге қатысты.
Дегенмен осы жаста болу ғана жеткіліксіз. Зейнетақы аннуитеті бойынша зейнетақы жинағында жеткілікті қаражат болуы керек. Қажет сома әр адамға жеке есептеледі. Бұл ретте азаматтың жасы мен болашақ төлемдердің мөлшері де ескеріледі.
Сонымен қатар, Қазақстанда кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті жұмыс істейді. Мұндай келісімшарт арқылы болашақ төлемдердің шарттарын алдын ала белгілеуге болады.
Мұндай келісімшартты мына жағдайларда рәсімдеуге болады:
Бұл ретте 40 немесе 45 жаста келісімшарт жасау төлем бірден басталады дегенді білдірмейді. Ол кейін, белгіленген жасқа толғанда ғана тағайындалады.
Зейнетақы аннуитетінің басты ерекшелігі сол - төлемге өмір бойына кепілдік беріледі. Тіпті төлемнің жалпы сомасы бастапқыда аударылған қаражаттан асып кетсе де, төлем жалғаса береді.
Сонымен қатар, төлем мөлшері жыл сайын артып отыруға тиіс. Белгіленген индексация мөлшерлемесі кемінде 8 пайыз болады. Нақты шарттар сақтандыру компаниясымен арада жасалатын келісімшартта көрсетіледі.
Министрлік мәліметінше, биыл алғашқы сегіз айда зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру төлемі 81,5 миллиард теңге болған. Сақтандыру жарналарының көлемі 624,7 миллиард теңгеге жеткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз