Қазақстанда азаматтар мен шетелдіктердің жасырын табысы жаңаша есепке алынады

Қазақстанда азаматтар мен шетелдіктердің жасырын табысы жаңаша есепке алынады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда көлеңкелі экономиканы анықтау әдістемелеріне өзгерістер енгізілді. Енді бұл әдістер жасырын кірісті дәлірек анықтауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кешенді шаралар Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауы бойынша қабылданған. Нәтижесінде бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі жаңартылды. Бұрын ол білім беру, денсаулық сақтау және бос уақыт өткізу салаларын толық қамтымаған.

Енді осы бағыттарды есептеу алгоритмдері толықтырылды:

  • тауарларды қайта сату үшін әкелетін жеке тұлғалардың;
  • мал өсірумен, ет сатумен, картоп және майлы дақылдар өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің;
  • демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру, көлік жуу бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлердің;
  • ҚР аумағында табыс табатын шетел азаматтарының жасырын кірісін есепке алудың жаңа тәсілдері енгізілді.

Жоғары аудиторлық палата мәліметінше, мұның бәрі ресми статистикаға түспейтін кіріс көлемін дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget