Қазақстанда айына миллион теңге табу үшін кім болып жұмыс істеу керек? Бұл туралы Finporm.kz мәлімдеді.
Елімізде миллион теңгеден жуық жалақы алатын азаматтардың санаты артты. 2022 жылдың мұндай тек үш санат болатын. Ол кезде теңіз және жағалаудағы жүк тасымалдау қызметі, қаржылық қызмет көрсету және сақтандыру саласындағы көмекші қызметі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметшісі ғана 1 миллионға жуық жалақы алатын.
Бір жылдан кейін, 2023 жылдың желтоқсанына қарай бұл тізім тағы үш саламен толықты. Олар:
- әуе тасымалы;
- сақтандыру және зейнетақы қамсыздандыру;
- бас компания мен басқару бойынша кеңес беру.
Сонымен қатар, былтыр төртінші тоқсанда ең жоғары номиналды жалақы бойынша жаңа рекорд орнатылды. Мәселен, былтыр соңғы 4 айдың ішінде әлеуметтік сақтандыру саласында жалақының көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.
Ал, миллионның үсінде ақша алатын мамандықтардың тізімі осындай:
- мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 миллион теңге) бар.
- сауда компаниясының басқарма төрағасы (5,8 миллион);
- тасымалдау саласындағы инженер (5 миллион);
- қаржы және сақтандыру компаниясының атқарушы директоры (4,8 миллион);
- құрылыс саласындағы коммерциялық директор (4,7 миллион);
- әуе көлігі мен халықаралық қатынастар бойынша маман (4,5 миллион);
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!