Әйелдерге арналған "Ұмай" бағдарламасымен тағы 450 өтініш қабылданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отбасы банктің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өтініштерді қабылдау 19 шілдеде жалғасады. Бұл бағдарламаны пайдаланып, Астана, Алматы, Ақтау және Атыраудан басқа Қазақстанның кез келген қаласында баспана сатып алуға болады. Бұл қалаларда пәтер сатып алу лимиті таусылған, сондықтан "Ұмай" бағдарламасына қатысушылар бұл жерден шаршы метрді сатып ала алмайды.
"Ұмай" тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы Қазақстанда үшінші жыл жұмыс істейді. Бұл "Отбасы" банкі мен Азия даму банкінің (АДБ) бірлескен жобасы. Биыл үшінші транш аясында оны жүзеге асыруға 15,6 миллиард теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 мамырында бастала салып, сол күні түстен кейін бөлінген ақшаның лимиті таусылды. Жалпы, бұл күні банк 15,6 миллиард теңге сомаға 1000-ға жуық өтінішті қабылдады", - делінген банк хабарламасында.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде клиент тұрғын үйді сатып алудың болжамды сомасына несиеге алдын ала мақұлдау сертификатын алады. Бұл сома бірден клиент үшін сақталады. Бұл сертификат бір айға жарамды. Осы уақыт ішінде клиент баспана тауып, оны бағалап, төлем қабілеттілігін растап, несие алуға өтініш беруі керек".
Бірақ барлық клиенттер сертификаттарын уақытында пайдаланбаған. Бір айдан кейін көбінде "күйіп кетті". Кейбір клиенттер пәтерді сатып алуды кейінге қалдыруды шешіп, өз ойын өзгерткен немесе лайықты пәтер таппаған болуы мүмкін. Бұл ретте біреулер үшін бір ай бойы жарамды болған қаражат құрдымға кетсе, ал қалғандары оны пайдаланып, өз баспанасын сатып алып үлгерді.
Декреттегі және жұмыссыз әйелдер қатыса алмайды. "Ұмай" ипотекасы жайлы не білу керек?
Мысалы, биыл берілген өтініштердің ішінде 400-ге жуық клиент сертификатты уақытында пайдаланбаған немесе өтініштерін мүлде жойған.
Десе де, сол уақытта "Ұмай" бағдарламасының 570 қатысушысы лайықты баспана тауып, несие беріп, қоныс тойын тойлап үлгерді. Тағы 32 өтінім қарастырылып жатыр. Бұл оларға жақын арада несие беріліп, жаңа баспана иелерінің қатары көбейеді деген сөз.
"Әйелдерді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша кейбір клиенттер несиені пайдаланбағандықтан, банкте үшінші транштан "бос" 8 миллиард теңге қалған. Сондықтан байланыс орталығының операторлары банк сайтында бұрын "Ұмай" бағдарламасына қатысуға өтінім қалдырған, бірақ қатысушылар пулына кіруге үлгермеген клиенттерге телефон соққан. Нәтижесінде жалпы несие сомасы 2 миллиард теңгеге тағы 188 адам таңдалды", - деп түсіндірді Отбасы банкі өкілдері.
Айта кетейк, "Ұмай" бағдарламасы бойынша сатып алынатын баспананың шекті құны 30 миллион теңгеден аспауы тиіс. Осы жылы пайыздық мөлшерлеме 14,4 пайыз (ЖТСМ 15,4 пайыздан), кейіннен 3,5 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеді (ЖТСМ 3,6 пайыздан).
Ипотекалық несиенің мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Баспана таңдауда ешқандай шектеулер жоқ. Несиелер қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға да беріледі, соның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша да алуға болады. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша пәтерді жөндеу жұмыстары үшін 3,7 миллион теңгеге дейін несие ала аласыз.
"Әлеуетті қарыз алушының отбасының айлық табысы 550 мың теңгеден аспайтын болса, онда ол "Ұмай" бағдарламасы бойынша 15 пайыздық бастапқы жарнаны төлеу арқылы несие ала алады. Кіріс 550 мың теңгеден 640 мың теңгеге дейін болса, баспана құнының 20 пайызын төлеп несие алуға болады", - деп "Отбасы банкі" бағдарламаның шарттарын еске салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!