Қазақстанда әйелдер жұмысқа сирек алына бастады ма? Статистика

Қазақстанда әйелдер жұмысқа сирек алына бастады ма? Статистика
Фото: elements.envato.com

2022 жылғы үшінші тоқсанда жұмыссыз халық саны 450,3 мың адам болған. Былтырмен салыстырғанда 0,1 пайызға аз. Қазақстанда жұмыссыздар саны екінші жыл қатарынан қысқарып жатыр, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Ал 2019 жылғы үшінші тоқсанда ол 4,8 пайыз болған. Өңірлер арасында былтырғы үшінші тоқсанда жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалған: 5,3 пайыз. Алматы мен Шымкентте, сондай-ақ, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыссыздық деңгейі орташа деңгейден жоғары болды, яғни 5 пайыз. Өңірлер арасында жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Ұлытау облысында байқалды: 4,1 пайыз. Одан кейін Қарағанды облысы (4,3 пайыз) және Астана (4,5 пайыз) тұр. 

Қалаларда (4,9 пайыз) жұмыссыздық деңгейі ауылдарға (4,8 пайыз) қарағанда жоғары. Сонымен қатар, былтырмен салыстырғанда, қалаларда жұмыссыздық деңгейі төмендеген, бірақ ауылдарда керісінше өскен.

Қалада жұмыссыз халық саны бір жыл ішінде 0,7 пайызға, 271,2 мың адамға дейін қысқарды, ал ауылда 0,8 пайызға, 179,1 мың адамға дейін өсті.

Гендерлік мәселе бойынша әйелдердің жұмыссыздық деңгейі (5,7 пайыз) ерлердің жұмыссыздық деңгейінен (4,1 пайыз) едәуір жоғары. Былтыр әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыз, ал ерлердің жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыз болды. 

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3 пайызға өсіп, 2022 жылғы үшінші тоқсанда 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5 пайызға, 192,9 мың адамға дейін қысқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова