Қазақстанда әйел полицейлердің саны артады - ІІМ

Қазақстанда әйел полицейлердің саны артады - ІІМ
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде отбасындағы зорлық-зомбылық және сексуалды сипаттағы қылмыстарды тергейтін әйел полицейлердің саны көбейетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы ІІМ-ге отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасымен айналасатын әйел полицейлердің санын арттыруды тапсырған. Біріншіден, бүгінде Қазақстан бойынша олардың штат санын 750-ге көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл тәжірибе дұрыс. Себебі елімізде зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен қыз балалардан жауап алатын тергеуші әйелдер бар", - деді Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Оның пікірінше, мұндай жағдайда жәбірленушіден жауапты әйел тергеуші алуы керек.

"Бұл тәжірибені зерделедік. Қазір әкімдермен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз. Олар бізді қолдады. Қаржыландыру мәселесі Үкіметте қаралып жатыр. Қазір нақты соманы айта алмаймын. Бүгінде ІІМ-де 280 әйел тергеуші жұмыс істейді", - деді министрдің орынбасары

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz