- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда аяз қашан...
Қазақстанда аяз қашан сына бастайтыны айтылды
Қазақстанда аяз сынғанымен бұл күн жылиды деген сөз емес. Бұл туралы "Қазгидромет" өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады, бірақ аяз біртіндеп төмендей бастайды. Арктикалық антициклонның орталығы Қазақстанның шығысында болады, осыған байланысты бұл аймақтарда төмен, аязды температура сақталатын болады.
15-16 желтоқсанда елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, төменгі боран, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында шаңды дауыл күтіледі.
Түнде ауа температурасының біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр: батыста 5-15 аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 аязға дейін, солтүстікте 17-28 аязға дейін, оңтүстікте 5-18 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 аязға дейін, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина