Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері автомектептердің қызметін тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір 727 автомектеп жүргізуші даярлайды. Тексеріс барысында автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары, жарықтандыру жеткіліксіз екені, кейбір көліктердің ақауы бар екені анықталған.
"Осы кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым берілді. Сонымен қатар, жүргізуші даярлау үшін міндетті техникалық тексерістен өтпеген және сақтандыру полисі жоқ көлікті пайдаланған 59 автомектеп анықталды. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомектептердің 701 тобының қызметін тоқтатты", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!