- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда ауасы ең...
Қазақстанда ауасы ең лас қалалар анықталды
Кейінгі бес жылда, яғни 2018-2022 жылдар аралығында Астана, Қарағанды, Жезқазған мен Теміртауда атмосфералық ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі байқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, Астанада ауа әсіресе аязда нашарлайды. Ол жеке сектордың жылу энергетикалық кәсіпорындары мен жылыту шығарындыларымен байланысты болуы мүмкін. Қаланың тығыз көше қиылыстарында ауаның азот диоксидімен ластануы автокөліктермен байланысты.
Бұл Қарағандыдағы жағдаймен ұқсас: ауаның ластануына жылу энергетикасы кәсіпорындарының және жеке сектордың жылыту шығарындылары және өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары әсер етеді.
Ал Теміртауда ластану кез келген маусымда болып тұрады, ол қаланың өнеркәсіптік және металлургиялық кәсіпорындары шығарындыларының, сондай-ақ қыс мезгілінде жылу энергетикасы кәсіпорындары мен жеке сектордың жылыту шығарындыларының әсерімен байланысты.
Айта кетейік, Қазгидрометтің мәліметінше, Атырау облысындағы ірі елді мекендер - Құлсары мен Атырау да ластану деңгейі төмен аймақта орналасқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина