Қазақстанда ауасы ең лас қалалар анықталды

Наурызда Қазақстанның қай қалаларында ауа қатты ластанды? Қазгидромет бұл мәліметті Massaget.kz тілшісіне ұсынды.

Статистика

2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 68 елді мекеннің 39-ы атмосфералық ауа ластануының төмен деңгейіне, 16-сы жоғарылау деңгейге, 9-ы жоғары деңгейге, ал 4 елді мекен өте жоғары деңгейге жатқызылған.

Ең лас деңгей тіркелген 4 елді мекен: Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Абай.

Жоғары ластану деңгейі тіркелген 9 елді мекен: Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Павлодар, Түркістан, Талғар, Шұбаршы кенті, Қызылсай кенті.

Ластану деңгейі жоғарылау 16 елді мекен: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Семей, Талдықорған, Петропавл, Тараз, Жаркент, Аягөз, Арал, Шу, Алтай, Кеңқияқ кенті, Ганюшкино кенті.

Ал ластану деңгейі төмен деп танылған 39 елді мекен: Көкшетау, Орал, Екібастұз, Атбасар, Жаңаөзен, Хромтау, Қандыағаш, Құлсары, Қостанай, Ақсу, Ақсай, Жаңатас, Қаратау, Кентау, Қызылорда, Лисаков, Жітіқара, Рудный, Арқалық, Балқаш, Саран, Степногор, Шемонаиха, Щучинск, Әйтеке би кенті, Ақсу кенті, Әуезов кенті, Бестөбе кенті, Бурабай кенті, Глубокое кенті, Индербор кенті, Бейнеу кенті, Састөбе кенті, Төретам кенті, Ақай ауылы, Бөрлі ауылы, Жанбай ауылы, Мақат ауылы, Шиелі ауылы.

Қазгидрометтің дерегіне сүйенсек, жоғары ластанудың 32 дерегі тіркелген. Соның 19-ы Қарағандыда, 3-і Жезқазғанда, 10-ы Атырауда анықталған. Атырауға қатысты мәлімет NCOC компаниясының бекетінен алынған.

Мән-жай

Ел аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 68 елді мекендегі 173 бақылау бекетінде жүргізілген.

Оның ішінде 44 бекетте сынамалар қолмен алынған. Олар Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Тараз, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Глубокое кентінде орналасқан.

Тағы 129 бекет автомат режимде жұмыс істейді. Олар Астана, Көкшетау, Атбасар, Степногор, Щучинск, Бурабай кенті, Ақсу кенті, Бестөбе кенті, Алматы, Талғар, Талдықорған, Жаркент, Ақтөбе, Қандыағаш, Хромтау, Шұбаршы кенті, Кеңқияқ ауылы, Атырау, Құлсары, Жанбай ауылы, Индербор кенті, Мақат кенті, Ганюшкино ауылы, Өскемен, Алтай, Аягөз, Риддер, Семей, Шемонаиха, Әуезов кенті, Глубокое кенті, Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу, Орал, Ақсай, Бөрлі ауылы, Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Қостанай, Арқалық, Лисаков, Жітіқара, Рудный, Қарабалық кенті, Қызылорда, Арал, Әйтеке би кенті, Ақай ауылы, Төретам кенті, Шиелі ауылы, Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу ауылы, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Петропавл, Шымкент, Кентау, Түркістан, Састөбе кенті, Қызылсай ауылы.

Тұрақты бекеттер мен жылжымалы зертханалар арқылы атмосфералық ауаның ластану деңгейі негізгі және арнайы заттар бойынша анықталады. Олардың қатарында PM2.5 және PM10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді, озон, күкіртсутек, сондай-ақ, ауыр металдар бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!