Синоптиктер 2015 жылдың 20-22 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы ыстық ауа райымен байланыстағы тропосферадағы батыс ағындар солтүстік, солтүстік-батысқа ауысуды бастады.
"Солтүстіктегі теңіз аудандарынан келетін салқын және дымқыл ауа алдыңғы Азиядан келетін ыстық және құрғақ ауаны ауыстырады. Сондықтан республикамыздың барлық дерлік аумағында жақын арадағы үш тәулікте әр жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын күшті ұйытқыма жел және температураның төмендеуі күтіліп отыр", - деді синоптиктер.
Өткен 18 тамызда, батыс облыстарын алмағанда, Қазақстандағы температураның ауытқуы нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал солтүстік облыстарда 7-12 градусқа жоғары болса, енді 22 тамызда ол нормадан 3-6 градусқа төмен болады екен.