Қазақстанда ауа райы бұзылады

Қазақстанда ауа райы бұзылады
Фото: tn.kz

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың бірқатар облысында жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрған антициклон демалыс және мереке күндері бұзылады. Оның орнына батыстан және оңтүстіктен атмосфералық фронттар келеді.

"Қазақстанның барлық аумағында найзағайлы өткінші жаңбыр болады, найзағай кезінде екпінді желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге жетеді. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады, ал оңтүстікте күндізгі температура 25-35 градусқа жетеді", - деп хабарлады метеорологтар.

М. Бисембаева