ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті елімізде аты, тегі және әкесінің аты бірдей қанша адамның тұратынын есептеп шығарды. 2018 жылы 1 шілдегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында аты, тегі және әкесінің аты толықтай сәйкес келетін 520 159 адам тұрады, олардың саны 1 534 815 резидентті құрайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Яғни 1 534 815 адамның ішінде бірдей атаулы 520 159 адам бар деген сөз. Комитет тек тегі мен аты ғана бірдей адамдардың санын да жариялады. Олардың жиынтық саны елімізде 9 миллионнан асып жығылады. Бұл ретте аталған ведомство олардың кейбірінде әкелерінің аты жазылмағанын айтқан.