Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов енді Қазақстанда аттестат пен диплом QR-код арқылы берілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында министр білім беру үдерісін цифрландыру аясында арнайы жобалар жүзеге асырылатынын айтты.
"Аттестат пен диплом QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының да цифрлық профилі енгізіледі. Ең қажет қызметтер толығымен Egov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады. Колледждерде білім беру бағдарламаларының бірыңғай электрон тізілімі жасалады, сондай-ақ, студенттің профилі (академиялық жетістіктері, әлеуметтік GPA, құзыреттер картасы) қалыптастырылады және QR-кодты генерациялай отырып, цифрлық дипломдар беріледі", - деді Аймағамбетов.
Сонымен қатар, министр әр мұғалімнің цифрлық портфолиосы болатынын, онда сертификаттау, жұмысқа орналасу, конкурстарға қатысу туралы ақпарат болатынын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!