- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда ата-әжелердің немерелерімен...
Қазақстанда ата-әжелердің немерелерімен араласу құқығы заңдастырылмақ
Қазақстанда ата-аналары ажырасқан немерелердің ата-әжелерімен араласу құқығы заңдастырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" құжатында жазылған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" заңына бірнеше өзгерту мен толықтыру енгізілді.
Соның бірі - ата-анасы ажырасқан баланың ата-әжесімен араласау құқығы.
Құжат бойынша, 73-1-бапқа сәйкес, бала атасы, әжесі, бауырлары және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқылы.
"1. Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы.
2. Ата-аналар (олардың біреуі) баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартса, дауды Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді", - делінген құжатта.
Ал қорғау не қамқорлық етуді жүзеге асыратын органның шешімімен келіспеген жағдайда, дауды медиация тәртібімен немесе қорғау не қамқорлық етуді жүзеге асыратын осы органның қатысуымен сот шешеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек