- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда аспанды химиялық...
Қазақстанда аспанды химиялық затпен улайтыны рас па?
Telegram-арналарда аспанға зиянды химиялық заттар шашу үшін ашық аспан режимі енгізілгені туралы ақпарат тарады. Бұл - жалған мәлімдеме, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Қазақстанда "ашық аспан" режимі 2027 жылдың аяғына дейін ұзартылды, бірақ бұл химиялық заттар шашу үшін жасалып отырған жоқ.
Ашық аспан режимі дегеніміз не?
"Бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін беруді көздейді", - деп түсіндірді Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
"Ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесі дегеніміз не?
Бұл бір мемлекет екінші мемлекетке үшінші мемлекеттен келетін немесе үшінші мемлекетке арналған әуе тасымалдарының бірінші мемлекеттің аумағына қонуға және қабылдауға беретін тұрақты халықаралық әуе қатынастарына қатысты құқық немесе артықшылық.
Бұл не үшін жасалады?
"Бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді", - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.
Демек, оның аспанда химиялық заттар шашуға қатысы жоқ. Бұл - фейк.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек