- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда Арал теңізі...
Қазақстанда Арал теңізі қалпына келтіріледі
Қазақстандағы Арал теңізіне кемежай айлағының жоғалтқан дәрежесін қайтаруға болады. Аймақта «Сырдария өзенінің аңғарын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» атты ғасыр жобасын іске асыру жүргізілуде.
Соның арқасында қолдан жасалған шағын Арал теңізін құру мүмкін болды. Бүгінде ол екінші туған күнін атап өтуде деп хабарлайды «Хабар» телеарнасына сілтеме жасап Kazpravda.kz.
Таяуда ғана көптеген сарапшылар Арал теңізін біржола жойылған деп санаған. Оның тартылуы ауыр экологиялық зардаптарға әкеліп соқтырды.
Өсімдік және жануарлардың тектік қорының жартысы жойылды. Кемелер тоқтап, балық аулау ісі тоқтады. Саяздану жылдарында су қаладан 150 шақырымға алыстап кетті. Бүгінде бұл қашықтық 17 шақырымға дейін қысқартылды.
Теңізбен бірге балық та оралды. Оны аулау көлемі де өскен.
Бүгінде қазақстандық жоба екінші фазасына өтіп жатыр. Оны әрі қарай іске асыру теңіз айдынын үш есе өсіруге ғана емес, Арал қаласына жоғалтқан теңіз айлағы мәртебесін қайтару мүмкіндігін береді деп сенеді мамандар.
Ф. Абилова