Қазақстанда бір грамм алтын құны 68 611 теңге 36 тиынға жетті. Бұл - бұрын-соңды болмаған рекорд. Бұл кейінгі бір жыл ішіндегі 70 пайыз өсім, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Дегенмен сарапшылардың айтуынша, бағалы металдың қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі арасында тікелей байланыс жоқ. Олардың пікірінше, алтын бағасының көтерілуі әлемдік үрдіс. Әсіресе, саяси және экономикалық тұрақсыздық кезеңінде баға жиі құбылады, себебі инвесторлар өз активтерін қорғауға тырысады.
Қазір отандық банктер 5 грамм алтын құймасын шамамен 343 мың теңгеден сатып жатыр. Ал Investing.com мәліметінше, халықаралық биржада алтынның 31 грамы - (бір унциясы) 3 922 доллар. Бұл ұлттық валютада шамамен 2 миллион 154 мың теңге.
Сарапшылар азаматтарға алтынды сатып алу немесе сату туралы шешім қабылдар алдында мұқият ойлануға кеңес береді. Себебі нарықтағы жағдай тұрақсыз, сәйкесінше бағалы металлдың құны төмендеуі де мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек