Қазақстанда алтын қоры 20-25 жылдан соң сарқылуы мүмкін

Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров Қазақстанда алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бүгінде елімізде алтынның 2300 тонна қоры бар.

"Бұл - геологиялық қор. Бүгінде жылына 90 тонна алтын өндіріліп жатыр. Жалпы алтынның 20-25 жылға (жететін - еск.) қоры бар. Біздің болжам бойынша Қазақстанда алтын қоры 20 мыңнан тоннаға дейін жетеді", - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар. Ерлан Акбаров мұнай мен газдың қорына тоқталды.

"Мұнай бойынша геологиялық қор - 4 миллиард 400 миллион тонна. Оның ішінде өңдеуге жататын мұнайдың С1 категориясының қоры - 2 миллиард 900 миллион тонна. Бұл жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі. Бұл мұнай таусылып қалады деген әңгіме емес. Қазақстандағы мұнайдың болжамды қоры - 78 миллиард тонна.
Сондай-ақ, елімізде 3 триллион 800 миллиард тонна газ қоры бар. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде газды орташа тұтыну көрсеткіші - 21 миллиард куб", - деді басшы.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!