13 қарашадағы деректер бойынша, алманың арзандығы бойынша Қазақстан 98 елдің ішінде 19-шы орында. Республикада алманың келісі 1,22 доллар болған. Бұл рейтингтегі ТМД елдерінің ішіндегі ең жоғары баға, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Ең арзан алма - Украинада болып шыққан. Елде алманың келісі 0,69 доллардан. Одан кейін Солтүстік Македония және Польша. Ең қымбат алма Оңтүстік Корея, Пуэрто-Рико және АҚШ-та.
ТМД елдері арасында Украинадан бөлек рейтингте Беларусь (0,95 доллар), Әзербайжан (1,14 доллар) Армения (1,15 доллар), Ресей (1,15 доллар) және Өзбекстан (1,12 доллар) бар.
Қазақстанда былтыр қазанда алма 2,1 пайызға арзандаған.
Аймақтар бойынша көрсеткіштер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!