Қазақстанда алименттен жалтарғандардың берешегі 18 млрд теңгеден асқан

Қазақстанда алименттен жалтарғандардың берешегі 18 млрд теңгеден асқан
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan TV-ға сілтеме жасап.

Әділет министрлігі мәліметінше, 12 мың адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Берешек 18 млрд теңгенің үстінде. Борышкерлердің басым көпшілігі - ерлер, сонымен қатар, 7 мыңнан аса әйел бар.

"25 тамыздан бастап алимент аударудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. Бұдан былай ақша тек арнайы шотқа түседі. Алимент алушылар екінші деңгейдегі банктерден арнайы шот ашып, реквизиттерін сот орындаушысына ұсынуға тиіс. Алимент бойынша берешек сақталып, есептеле береді", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда жеке сот орындаушысы балаларды алиментсіз қалдырғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget