Қазақстанда алимент төлемеген әйел сотталды

Қазақстанда алимент төлемеген әйел сотталды
Фото: zarya.by

Риддер қаласының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"31 жастағы Риддер қаласының тұрғынына алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Сотталушы пробация қызметінің есебіне келмеген және тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмаған. Сондықтан бас бостандығын шектеу жазасы бір жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды", – деп хабарлады полиция.

Полицейлер сотталушының түсініктемесін де жариялады. Әйел күйеуі екеуінің бұрын ата-ана құқығынан айырылғанын айтқан.

"Бізден алимент төлеуді талап етті, бұл мәселенің мән-жайын түсінбей, сот шешіміне мән бермедім.  Қазір балам 12 жаста. Оған жақсы ана бола алмадым, оның алдында өзімді кінәлі сезінемін, ол мені бір күні кешірер деп үміттенемін", – деді Риддер қаласының сотталған тұрғыны.

Әйел жазасын Абай ауданындағы колонияда өтейтін болды. Қазір мекеме қызметкерлері оған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева