UFC өкілдері осы аптада Қазақстанда ұйымның алғашқы турнирін өткізу мәселесі бойынша Алматыда ресми келіссөздер жүргізді. Vesti.kz мәліметінше, тарихи жарыс 2027 жылға жоспарланған.
UFC-дің ресми делегациясы Алматыға 10 қараша, сейсенбіде келген. Басылым дерегінше, америкалық ұйым Қазақстанда алдымен Zuffa Boxing промоушенінің бокс кешін, содан кейін 2027 жылы UFC турнирін өткізуді көздеп отыр. Zuffa Boxing промоушенін UFC президенті Дана Уайт пен Турки Аль аш-Шейх құрған.
Еске салайық, Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі 2020 жылғы маусымда өтуге тиіс болған. Ол кезде жарысты елордадағы «Астана Арена» стадионы қабылдайтыны, ал басты жекпе-жекте ресейлік Пётр Ян мен бразилиялық Марлон Мораес кездесетіні жарияланған еді.
Алайда пандемия бұл жоспарды жүзеге асыруға кедергі келтірді. Сол кезеңде турнирлердің басым бөлігі тоқтатылып, кейін БАӘ мен АҚШ-қа ауыстырылған және көрерменсіз өткізілген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз