Қазақстанда алғаш рет: қауіпсіздік мақсатында жолдарда тағы бір технология сыналып жатыр

Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана - Қарағанды - Алматы республикалық маңызы бар тасжолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Бұл жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Қарағанды - Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазер орнатылған.

"Жобаның негізгі мақсаты - боран, тұман кезінде жүргізушілер жолды бағдарлауына көмектесу, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол апатының алдын алу", - деді полиция.

ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және шаршаңқы күйде көлік тізгіндемеуге шақырды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз