Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалды

Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрі жасалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікке қарсы дәрінің жасалғанын айтып, оны брифингте журналистерге көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр танымал биотехнолог Дос Сарбасов Қазақстанға оралғанын айтты.

"Ол Техас университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істеді. Бірнеше жылдан бері Назарбаев университетінің ұлттық зертханасын басқарады. Қазіргі таңда онкологияға қарсы жаңа препараттарды шығарумен айналысып жатыр", - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 адам қазақстандық препаратпен емделіп жатыр.

"Біз бірден 4-5 жыл үнемдеп, үшінші кезеңге көштік, жақын арада ісікке қарсы дәріміз шығады", - деп қосты министр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы