Қазақстанда алғаш рет Аналар күні атап өтіліп жатыр

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні атап өтіліп жатыр
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл мереке мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтіледі және отбасы институтын нығайтуға және ана мәртебесін көтеруге бағытталған. Биыл бұл күн 12 мамырға сай келді.

2023 жылдың маусымында үкімет мереке күнтізбесіне сәйкес қосымшаны бекітіп, оған қол қойды.

"Әлемнің көптеген елінде отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы және білім институтын нығайту мақсатында аталып өтетін ресми мереке – Аналар күні мен Әкелер күні біздің елімізде де бекітілді", - делінген Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы мәлімдемесінде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан