- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда алдағы күндері...
Қазақстанда алдағы күндері үсік жүреді
Фото:
massagetkz
Синоптиктердің болжауынша, Шығыс Сібірден суық антициклон жылжып келеді. Соған сәйкес Қазақстанның орталық және шығыс бөліктерінде суық ауа райы сақталады. Бұл облыстарда ауа температурасы нормадан 2-6 градусқа төмен болады.
Сондай-ақ, суық фронттың өтуіне байланысты, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарының оңтүстік-шығысында қатты жауын күтіледі. Ал жақын күндері орталық және шығыс облыстарда екі күн бойы ауа температурасының төмендеуі жүреді. Бұл аймақтарда қарға айналған жаңбыр жауады деп күтілуде.
Дерекккөз: tengrinews
С. Ерсін