Қазақстанда алдағы күндері қанша градусқа дейін аяз болады?

Қазақстанда алдағы күндері қанша градусқа дейін аяз болады?
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері қанша градусқа дейін аяз болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кең антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ашық аязды ауа райы болжанады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар түрінде жауын-шашын жауады және де боранмен жел күшейеді.

Негізгі температуралық фон Республикамыздың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде 25-33, күндіз 15-23 аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 аяз, ал батыста түнде 8-18 аязға дейін, күндіз  3-15 аязға дейін күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина