Синоптиктер 26, 27 және 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды циклон қалыптастырады. Осыған байланысты ел аумағында бұлтты, кей жерлерде ашық ауа райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық аймақтарында жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болады деп болжанған. Ел бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады – ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!