Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстандағы 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

"Елдің батыс аймақтарында қысым күшейеді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Температура фонында айтарлықтай ауытқу болжанбайды", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!