Еңбек ресурстарын дамыту орталығы алдағы жеті жылда Қазақстанға екі миллионға жуық жұмысшы қажет, бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында болады деген болжам жасады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Ведомство мәліметінше, ең алдымен елге есепші, күзетші, сатушы, мұғалім қажет. Сондай-ақ, ең танымал лауазымдарға жүргізуші, медбике, шаштараз және еден жуушылар кіреді.
Мамандар бұны осы сала жұмысшыларының еңбегін ешбір технологиямен алмастыра алмайтынымен байланыстырады.
"Қандай жағдайда да осы мамандықтар сұранысқа ие болады, өйткені оларды автоматтандыру өте қиын", - деді жұмысқа қабылдау жөніндегі маман Әйгерім Серікова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!