Қазақстанда алда қатты аяз болады

Қазақстанда алда қатты аяз болады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 13, 14, 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суық антициклон

Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Сондықтан алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Ауа температурасы

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 30-38 градус аязға дейін төмендейді.

Ал елдің солтүстік жартысындағы кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget