Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер Новосибирск аумағында ұсталды

24-25 сәуір аралығында Астана қаласының аумағында "Іздестіру" кең ауқымды операциясы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша елордалық полиция қызметкерлері 8 қылмыскерді анықтап, ұстады. Оның ішінде 4 қылмыскер ТМД елдерінде іздеуде болған. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен бір адамның орналасқан жері анықталды, танылмаған бір мәйіттің жеке басы анықталды.

ТМД елдеріндегі әріптестермен оң өзара іс-қимыл ретінде Ресей ІІМБ қызметкерлерінің 2015 жылдан бастап алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді Новосибирск қаласының аумағында ұстауын көрсетуге болады. Ұсталған адам елордада болған кезде алдын ала келісім бойынша "Колеса KZ" сайтында АҚШ пен Еуропадан автокөліктерді төмен бағамен жеткізу туралы хабарландыруды орналастыру арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, келісімнің тиімділігіне сендіре отырып, 40 млн теңгеден астам сомада ақшаны иемденген.

Қазіргі уақытта Минск Конвенциясына сәйкес қылмыстық істі қайта тапсыру туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!