Қазақстанда алаяқтардың 50 миллионға жуық қоңырауына тосқауыл қойылды

Қазақстанда алаяқтардың 50 миллионға жуық қоңырауына тосқауыл қойылды
Фото: depositphotos.com

Жыл басында тәртіп сақшылары байланыс операторларымен бірлесіп, алаяқтардың 50 миллионға жуық қоңырауына тосқауыл қойған. Мұндай деректер бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, биыл төрт айда ғана Қазақстанда 6,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркеліп, 11 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

"Алаяқтар сіздің деректеріңізді немесе ақшаңызды тартып алу үшін өзін банктердің, құқық қорғау органдарының немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде көрсетіп телефон соғады. Байланыс операторларымен бірге мұндай қоңырауларға тосқауыл қойылды; қазірдің өзінде 49 миллионнан астам әрекет тоқтатылды. Алаяқтар WhatsApp секілді танымал мессенджерлерді пайдаланады, сол арқылы азаматтарды "қауіпсіз" шотқа ақша аударуға немесе несиеге өтініш беруге көндіреді. Биыл мұндай екі мыңға жуық жағдай тіркелді. Сондай-ақ, олар қашықтан қол жеткізу қолданбаларын орнатуды және алаяқтарға сіздің қаржыңызды басқаруға мүмкіндік беретін SMS кодтарын жіберуді сұрауы мүмкін", - деді Әлекешев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек