Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларына қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа оқу жылы басталғалы бері алаяқтар балаларға қоңырау шалып, өзін мұғаліммін деп таныстырып жатыр. "Электрон күнделікті жаңарту" деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодты сұрайды. Бала оны ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Іс жүзінде алаяқтар осы кодты пайдаланып, "Электрон үкімет" жүйесіне, онлайн банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Баламен әңгімелескенде ерекше мән беретін жайттар:
"Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе 111 байланыс орталығына хабарласуға болады", - деді министрлік өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!