• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда ақылы жолдарға абонементтер қанша тұрады?

Қазақстанда ақылы жолдарға абонементтер қанша тұрады?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді. Ендеше, ақылы жолдармен жүру үшін абонемент сатып алу қанша тұрады және оны қалай сатып алуға болады? Толығырақ Massaget.kz материалында.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол пайдаланушылар үшін ақылы жолдармен жүруге айлық және жылдық абонементті рәсімдеу қызметін ұсынады. Ол үшін көлік құралы ақылы жолдардың учаскесіне қарасты аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс. Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.

Абонементтердің құны (жеңіл көліктерге қарастырылмаған):

Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн): 

  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін - 2 АЕК (7864 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін - 4 АЕК (15 728 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопойыздар үшін - 6 АЕК (23 592 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін - 8 АЕК (31 456 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін - 10 АЕК (39 320 теңге).

Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

  • жеңіл көліктерге - 1 АЕК (3932 теңге);
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін - 20 АЕК (78 640 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін - 40 АЕК (157 280 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопойыздар үшін - 60 АЕК (235 920 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін -:80 АЕК (314 560 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін - 100 АЕК (393 200 теңге).

Ақылы жолмен жүруге арналған абонементті қалай сатып алуға болады?

  1. 1403 байланыс орталығы арқылы. Таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек;
  2. Кaztoll.kz сайты арқылы. Кaztoll.kz сайтына тіркелу және көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру керек. "Абонементті рәсімдеу" бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық);
  3. Ақы төлеу пункттері (АТП) немесе клиенттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы (КЖО). АТП немесе КЖО операторларына хабарласу және абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеу (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы).

Еске салайық, Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскені туралы баяндады. 2024 жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жетті. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget