- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда ақылы жолдар...
Қазақстанда ақылы жолдар тарифі өсуі мүмкін
Фото:
Gov.kz
Қазақстанда ақылы жолдар тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарының тарифтері басқа елдермен (Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Польша және т.б.) салыстырғанда айтарлықтай төмен екенін атап өтті.
"Осыған байланысты күтіп ұстау шығындарын толық өтеу үшін қолданыстағы тарифті 20 пайызға арттыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ретте жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылады", - деді Қарабаев.
Ол негізгі жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік көліктерге бағытталатынын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек