Қазақстанда ағзаны адам денесінен бөлек сақтап, кейін трансплантациялау үшін инновациялық құрылғы әзірленіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық кардиохирургтер ағзаны адам денесінен бөлек алып, сақтау үшін бірегей құрылғы жасап жатыр. Жоба аясында мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ "тыныс алып тұрған" өкпені және жұмыс істеп тұрған бауырды сақтау үшін технологиялар дайындап жатыр.
Болашақта бүйректі де солай сақтау жоспарланып отыр. Органды өміршең күйде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады.
"Жүректі сақтау үшін 29 сағат ішінде қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуге болатынын дәлелдеді, содан кейін сәтті трансплантация жасалды. Қазір әлемде бір ғана балама бар. Бұл - америкалық компаниясының жүйесі", - деп мәлімдеді жоба авторлары Тимур Лесбеков.
Еске салайық, бұған дейін трансплантацияның діни үкімі туралы жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!