5 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енеді. Енді әрбір заңсыз кесілген ағаш немесе бұта үшін айыппұл төлеуге тура келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finratings.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда жыл сайын өрт, құрылыс жұмыстары немесе абаттандыру кезінде мыңдаған ағаш кесіледі. Жаңа айыппұлдар - экология үшін әрбір ағаштың маңызын еске салу тәсілі.
Экология және табиғи ресурстар министрінің жаңа айыппұлдар туралы бұйрығы ресми ресурста жарияланды.
Енді елімізде жасыл желекті қорғауға қатысты ережелер өзгереді. Рұқсатсыз ағаш кескендер заң алдында жауап береді.
5 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, ағаш немесе бұтаны зақымдау немесе заңсыз кесу үшін нақты айыппұл мөлшерлері белгіленген.
Айыппұл мөлшері өсімдіктің түрі мен жасына байланысты есептеледі. Айыппұл айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептеледі. 2025 жылы 1 АЕК = 3 928 теңге.
Енді бір ағаштың құны қанша тұрады?
Қылқан жапырақты ағаштар:
Жапырақты ағаштар:
Жеміс-жидек және жаңғақ ағаштары:
Бұталар:
Маңызды ескеретін жайттар:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз