- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда АЭС салуды...
Қазақстанда АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Штаб құрамына 6 саяси партия мен 20-ға жуық қоғамдық ұйым өкілдері кірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақсат – алдағы референдумға дайындық барысында халыққа атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіру.
"АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді", - деді Ерлан Қошанов.
Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар, осы уақытқа дейін оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы бұл мәселені шешіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Штаб мүшелері алдағы уақытта өңірлердегі тұрғындармен кездесіп, атом энергетикасының артықшылықтары мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдум 6 қазанға белгіленген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан