Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты референдумда дауыс беру басталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, еліміздің 84 учаскесінде дауыс беру таңғы алтыда басталды. Оның ішінде әскери учаскелер мен кейбір вахталық ауылдар бар. Бұл осы учаскелердегі жұмыстың немесе қызметтің ерекше тәртібіне байланысты.
Ал қалған учаскелерде дауыс беру таңғы 07.00 шамасында басталады.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл үшін referendum.gov.kz деген арнайы сайт іске қосылды. Өз учаскеңізді білу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Деректерді енгізгеннен кейін жүйе дауыс беру учаскеңізді көрсетеді.
6 қазанда басқа қалаға кетуді жоспарласаңыз, алдын ала құжат алыңыз. Ол үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша сайлау пунктіне бару қажет, құжатты 5 қазан сағат 18:00-ге дейін алу керек. Есептен шығару куәлігі сол елді мекеннің немесе қаланың басқа учаскесінде дауыс бергісі келетіндерге берілмейді.
Референдум күні шетелде болсаңыз сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне аласыз. 62 елде 77 учаске құрылды. Учаскелердің тізімін бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жариялады.
Шет мемлекетте – жеке, қызметтік, оқу, іскерлік және туристік мақсаттар бойынша тұратын немесе уақытша болатын және жарамды паспорттары бар Қазақстан азаматтары референдумда дауыс бере алады.
Денсаулық жағдайына, отбасының науқас мүшесінің күтіміне, мүгедектігіне немесе жасына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар үйде дауыс беруге құқылы. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгіну қажет.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!