Ертең Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлттық статистика бюросы ұлы ойшылдың атын алған қанша қазақстандық бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады. Ғұлама есімі берілгендердің ең көп саны Түркістан облысында – 2 050 адам, одан кейін Астана – 2 021 адам және Алматы қаласы – 1 639 адам.
Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең аз саны Ұлытау өңірінде – 193 адам.
Ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) Абай есімді 232 адам тұрады.
Егер жасы бойынша қарасақ, 18 жасқа дейінгі 4 166 балаға Абай есімі берілген, 18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6 241 адам бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!