Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін

Елімізде TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау мәселесі қаралады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында шыққан министрге "Қазақстанда TikTok бұғаттала ма?" деген сұрақ қойылды.

Аида Балаева аталған мәселе әлі талқыланатынын жеткізді.

"Қазақстанда (Tik Tok-ты) бұғаттау мәселесінде көрші елдердің тәжірибесін қарастырып отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқықбұзушылық дерегі көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Бұл біздің ұлттық қауіпсіздімізге (қауіп төндірсе - автор), әлбетте осындай шараларды қабылдауға тура келеді. (TikTok-ты бұғаттау) шешілген мәселе емес. Ол әлі қарастырылады", - деді ведомство басшысы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!