Қазақстанда QR код арқылы төлеу өзгереді

Шілдеде Қазақстанда бірыңғай QR кодты іске қосу жоспарланып отыр. Оны кезең-кезеңімен іске қосу келесі аптада басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Алматыда екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басшыларымен кездесу өткізді.

Тараптар екінші деңгейлі банктердің банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қатысу мәртебесін, сондай-ақ, мобильді аударымдар мен QR төлемдер сервистерін енгізу бойынша алдағы қадамдарды қарастырды.

"7 шілдеден бастап бірыңғай QR-ды кезең-кезеңімен масштабтауды бастау және оны 19 шілдеде толық іске қосу туралы шешім қабылданды", - деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Осылайша, 19 шілдеде Қазақстанда бірыңғай QR код іске қосылуға тиіс. Ол клиенттерге сатушыда қай банктің QR-ы тұрғанына қарамастан, өз банкінің қосымшасы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл процесс сейсенбіде, яғни 7 шілдеде басталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!