Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын тоқтатты

Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланған.

McDonald's-тің Instagram-дағы ресми парақшасында желідегі мейрамханалар қазір жұмыс істемейтіні туралы ақпарат расталды.

"McDonald's мейрамханалары техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейді. Мейрамханалар  қашан қайта жұмыс істейтінін хабарлаймыз", - делінген компанияның ресми хабарламасында.