- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда 9 мың...
Қазақстанда 9 мың медицина қызметкері жетіспейді
Қазақстанда әртүрлі сала бойынша 9 мыңға жуық медицина қызметкері жетпейді. Денсаулық сақтау министрлігі кадрлық есеп жүргізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Елге 4 200 орта санаттағы медицина қызметкері қажет. Дәрігерлердің тапшылығы біршама жоғары – 4,5 мың маман. Терапевт және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған 400 бос орны бар.
Одан кейін акушер-гинекологтар, реаниматологтар және рентгенолог дәрігерлер тұр. Сонымен қатар министрлік медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатқанын айтты.
Мамандар Алматыда, Атырау және Жамбыл облыстарында, сонымен бірге Астанада жылдам табылатын көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан