2021 жылғы 13 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 521 371 адам вакцинаның бірінші компонентін, 7 800 190 адам екінші компонентін алды.
Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
13 қарашадағы мәлімет бойынша, 35 407 адам коронавирус инфекциясынан (-30 353+ және 5 054 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 609 пациент стационарда, 28 798 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 514 адамның жағдайы ауыр;
- 127 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.