Қазақстанда 825 миллион теңге сомаға әскери мүлік ұрланған

Алматы облысында 825 миллион теңге сомаға әскери мүлік ұрланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас әскери прокуратура сайтына сілтеме жасап. 

Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр.

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 миллион теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша соталды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.

Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейтінін хабарлайды.