"Қазгидрометтің" мәліметінше, 7-8 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жауын-шашын мол түседі, екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанның басым бөлігі әлі де Каспий теңізі аудандарынан келетін циклонның ықпалында болады, осыған байланысты елдің көп бөлігінде - солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республиканың батысында ғана антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында, шығысында, орталығында аздаған қарлы боран соғады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!